Ашғабаттың орталығындағы Мир-1 және Мир-2 шағын аудандарына баратын жолдарға бетон бөгеттер қойылған. Азаттықтың Түркімен қызметі дереккөздерінің хабарлауынша, 5-Азиада ойындары өтетін Олимпиада қалашығы маңындағы аудандарда тұрғындардың автокөлікпен жүріп-тұруы қиындаған. Жергілікті билік қыркүйектің 17-і мен 27-і аралығында Түркіменстан астанасында өтетін Азиада ойындарына дайындалып жатыр.
Азиада қарсаңындағы Ашғабат

1
Ашғабаттағы Мир-1 және Мир-2 шағын аудандарындағы жолдарда бетон қоршаулар пайда болып, автокөлік қозғалысы шектелген.

2
Түркіменстан астанасындағы жолы жабылған көшелердің бірі.

3
Шағын ауданда көшедегі жолға қойылған бетон бөгеттердің қасынан өтіп бара жатқан тұрғындар.

4
Халық тығыз қоныстанған шағын аудандағы көшеге қойылған бөгеттер.